Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Түркістан қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Бөлімнің қызметі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, кедейлікті төмендетуге, әлеуметтік осал азаматтарды қолдауға және арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Бөлім аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі және азаматтардың жекелеген санаттарына ақшалай немесе заттай әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстарын үйлестіреді. Қарт адамдарды, көпбалалы аналарды, ардагерлерді және қолдауға мұқтаж өзге де азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын ұйымдастыруға қатысады.

    Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар мен отбасылардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін талдайды, оларға жан-жақты қолдау көрсету жұмыстарын үйлестіреді. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және қарасты әлеуметтік ұйымдардың қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді.

    Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес техникалық көмекші құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады. Санаторийлік-курорттық емдеуді, қолжетімді орта қалыптастыруды және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеуді үйлестіреді.

    Өз құзыреті шегінде әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон, кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылық және пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді. Әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамту көрсеткіштеріне мониторинг жасап, тиісті органдарға есептілік пен ақпарат ұсынады, халыққа түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады.