Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Функциялары:

    халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, іске асыру.

    азаматтарды жұмысқа орналасу мүмкіндігі ал жұмыс берушілердің күшімен қамтылу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру жұмыстарын үйлестіру; бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс туралы, өңірде жұмысқа орналасу және кәсіби бағдарлау мүмкіндіктері туралы ақпараттық материалдарды жариялау.

    өңірдегі еңбек нарығының ахуалын талдап болжамдау, бос жұмыс орындары есебін жүргізу; азаматтарды жұмысқа орналасу мүмкіндігімен, ал жұмыс берушілерді жұмыс күшімен қамту мүмкіндігімен ақпараттандыру.

    аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін көрсетуді жүзеге асыру, Жаңасемей ауданының мұқтаж санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу, әлеуметтік қызмет көрсету.

    Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген (еңбек тылына қатысушылар, ақталған азаматтарға, қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза болған мүгедектердің жесірлеріне, соғыс жылдарында кем дегенде 6 ай жұмыс істеген тұлғаларға, ЧАЭС-дағы апатты жоюға қатысушыларға, басқа мемлекеттің аумағында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушыларға) тиісті әлеуметтік көмек көрсету үшін есеп жүргізу.

    біржолғы өтемақы тағайындау үшін Семей ядролық сынақ полигонының салдарынан зардап шеккен тұлғалардың құжаттарын тіркеп ресімдеуді жүзеге асыру.

    кресло-арбамен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, санаторлық-курорттық емделумен, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшімен, есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынумен, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен, үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтамасыз етілуге мұқтаж мүгедектердің есебін жүргізу.

    жұмысқа орналасуға, кәсіби оқуға және тиісті әлеуметтік көмек алу үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалардың есебін жүргізу;

    азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарастыру;

    аз қамтылған отбасыларынан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарында оқуына, сондай-ақ жолақыларына және жүріп-тұруларына әлеуметтік көмек тағайындауды іске асыру;

    өзге мемлекеттерден көшіп келген қандас (репатрианттардың) есебін жүргізу, оларды қабылдау, орналастыру және бейімдеу іс-шараларын атқару;

    әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарымен және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсетудің регламенттерімен мемлекеттік қызметтерді өңірлік деңгейде көрсету;

    «Абай облысы Жанасемей ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және аудан әкімі және әкімдігінің қарауына енгізу;

    «Абай облысы Жанасемей ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметімен байланысты материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

    жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің азаматтық қызметшілерімен және техникалық қызмет көрсету қызметкерлерімен еңбек шарттарын ресімдейді;

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өкілеттіктер шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асырады.