БАҚ-пен өзара іс-қимыл және құқықтық ағарту бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлім мынадай функцияларды жүзеге асырады:

    • адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласында құқықтық ағарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
    • халықты құқықтық ағарту жұмысына азаматтық қоғам институттарын тарту;
    • білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру және халықтың Қазақстан Республикасының заңнамасы мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы маңызды халықаралық актілер жөніндегі құқықтық білім деңгейін арттыру;
    • адам құқықтарын қорғау саласында шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысу тетіктерін кеңейту;
    • азаматтық қоғам институттарын азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі халықаралық алаңдарға тарту;
    • халықтан тиімді әрі жедел шешімдер қабылдау үшін қажетті кері байланысты алу жөніндегі жұмыста үкіметтік емес ұйымдар институттарының әлеуетін кеңейту;
    • адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша іс-шараларды, тақырыптық конференциялар мен зерттеулерді өткізу кезінде азаматтық қоғам институттарымен стратегиялық әріптестікті дамыту.