Тәрбие жұмысы, инклюзивті, арнайы және қосымша білім бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Тәрбие жұмысы, инклюзивті, арнайы және қосымша білім бөлімі

    Облыста Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 11.07.2002 ж. № 343 Заңының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» 12.01.2022 ж.№ 4, «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы» 12.01.2022 ж. № 6 бұйрықтарының негізінде білім беру ұйымдарында ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларды инклюзивтік білім берумен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда.

    0-18 жас аралығында 314214 бала бар, оның ішінде 8210-ы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар санатында (3146 мүгедек) 5 психологиялық – медициналық -педагогикалық консультацияда (бұдан әрі- ПМПК) тіркелген.

    Аталған санаттағы балаларға 19 арнайы білім беру ұйымы (3 арнайы балабақша, 4 арнайы мектеп, 1 оңалту орталығы, 6 ППТК, 5 ПМПК) қызмет көрсетеді.

    2022 жылы Ақтау психологиялық - педагогикалық түзеу кабинетінің филиалы және № 6 арнайы балабақша ашылды.

    Білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар 1488 бала білім алады.

    Ерекше білімді қажет ететін балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету және қоғамға әлеуметтік бейімдеу қажеттілігін шешуді қолдау бағытында 77 инклюзивтік кабинет ашылды.

    Облыстың барлық мектептерінің штаттық кестесіне педагог- ассистенттің лауазымдық бірлігі енгізілді.

    2022 жылы Республикалық, облыстық деңгейде 1407 педагог біліктіліктерін арттырды.

    Басқарма тарапынан облыстан шалғайда орналасқан елді мекендердегі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды қамту мақсатында ағымдағы жылы Түпқараған ауданы Форт-Шевченько қаласынан, 2024 жылы Бейнеу ауданы Боранқұл селосынан психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін және 2025 жылы Қарақия ауданынан 1ПМПК ашу жоспарланды.

    Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

    Облыста әлеуметтік мәртебесі анықталған 457 бала бар (оның ішінде:қорғаншылық пен қамқоршылықта - 397,патронаттық тәрбиеде – 11, интернаттық мекемелерде – 49).

    Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғалуын, әлеуметтік көмек көрсетуін жергілікті атқарушы орган тарапынан қорғаншылық, қамқоршылық функцияларды жүзеге асыратын аудандық, қалалық білім бөлімдерінде 12 маман (мемлекеттік қызметкер-9, әдіскер-3) жұмыс жасайды.

    Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 940 бала тұрғын үй кезегінде тұр (кәмелет жасқа толмаған – 321, кәмелет жаста – 619), оның ішінде 163 интернаттық мекеменің түлектері мен тәрбиеленушілері.

    Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік кешенді жоспар жасақталды, 318 (Ақтау- 200, Жаңаөзен-59, Бейнеу-18, Маңғыстау -3, Мұнайлы-23, Қарақия-10,Түпқараған-5) бала тұрғын үймен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.