Сумен жабдықтау, су бұру және тұрғын үй қатынастары бөлімі
Сумен жабдықтау және су бұру саласында ұсыныстар дайындауға қатысу; кеңестерге баяндамалар мен сумен жабдықтау және су бұру саласы бойынша есептер дайындау; Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары, Ұлттық жобалар мен облыстың Даму Бағдарламасы шеңберінде көзделген жетекшілік ететін бағыт бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін есептік ақпарат дайындау. Қалалар мен аудандардағы сумен жабдықтау және су бұру объектілерін дамытуды перспективалық жоспарлау. Құрылыс, реконструкциялау бойынша инвестициялық ұсыныстарды жинау сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу және/немесе реконструкциялау бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша есептер мен ақпаратты дайындау. Жетекшілік ететін бағыт бойынша әзірленуде жатқан жобалар бойынша есептік ақпарат дайындау.