Сумен жабдықтау және су бұру бөлімі. Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы
Қазақстан Республикасының заңнамасын, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларын орындау практикасын талдауды және қорытуды жүзеге асыру, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сумен-газбен жабдықтау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған нормативтік актілер мен қаулылар дайындауды ұйымдастыру, сумен жабдықтауды және су бұру стратегиялық дамыту бағдарламаларын әзірлеу, өндірістің сенімділігіне, қауіпсіздігіне және үнемділігіне қадағалау жүргізуді жүзеге асыру, сумен жабдықтауды және су бұруды қамтамасыз ететін кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтерін беру, бөлу және тұтыну, қаланың сумен жабдықтау және су бұру объектілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа уақтылы дайындалуын бақылауды жүзеге асыру, сумен жабдықтауды және су бұруды жоспарлау мен перспективалық дамытуды жүзеге асыру, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық қызметтерге есепке алу жүйесін енгізу.