Cумен жабдықтау және су бұру бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары:

    1) Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

    2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде облыс аумағындағы сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салуды және реконструкциялауды үйлестіруді жүзеге асыру;

    3) «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейін», «Нұрлы жер», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларының және басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуын бақылау; Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялау бағдарламалары; және басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламалар;

    4) Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қызмет тиімділігін бағалау және тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы есеп беру; объектілерді салу кезінде жұмыс орындарын құруды бақылау;

    5) Республикалық және облыстық бюджеттердің қаражаты есебінен іске асыру/қайта бөлу немесе нақтылау жоспарланған сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау жобалары бойынша материалдар мен бюджеттік өтінімдерді жоспарлау, дайындау;

    6) Республикалық және облыстық бюджеттердің қаражаты есебінен іске асыру жоспарланған сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу және реконструкциялау жөніндегі жобаларды қорғау;

    7) Халықты және елді мекендерді сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етудің жыл сайынғы мониторингі;

    8) Сумен жабдықтау және су бұру саласында тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу үшін материалдар дайындау, бюджет қаражаты есебінен сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау жобалары бойынша жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы қарау және келісу;

    9) Заңнамада белгіленген тәртіппен бюджет қаражатынан қаржыландырылатын сумен жабдықтау және су бұру объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;

    10) Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды жергілікті жүйелерінің тізбесін әзірлеу және облыс әкімдігіне бекітуге енгізу;

    12) Бекітілген тізбелер бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін әзірлеу және облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну;

    13) Материалдар мен бюджеттік өтінімдерді жоспарлау, дайындау, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау бағдарламасы шеңберіндегі іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру