"Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" ММ-нің су ресурстары бөлімі
Су ресурстары бөлімі
Бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысу, бассейндік кеңестердің қарауына су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөнінде ұсыныстар енгізу, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделеу, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау;
Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын әзірлеу;
Жер үсті су объектілері жоқ, бірақ ауыз суы сапасындағы жер асты суларының жеткілікті қорлары бар аумақта суларды ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға рұқсат беру;
Елді мекендерді шаруашылық - ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу.