Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын барлық халықтардың ұлтаралық бірлігі мен мәдени байланыстарын нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процестерді демократизациялау және қоғамды шоғырландыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2) ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси үрдістерді және олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті зерделеу, жинақтау;
3) мемлекеттік ішкі саясатты, ішкі саясат мәселелері жөніндегі заңнаманы, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмысқа қатысу;
4) ауданның бұқаралық ақпарат құралдарының жариялымдарының саяси бағытын үйлестіру, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, діни ұйымдарымен, қоғам өкілдерімен өзара байланыста болу;
5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, жастар саясаты саласындағы облыстық және аудандық бағдарламаларды толық көлемде іске асыру; өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу; жастар ортасында салауатты өмір салтын насихаттау; жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу;
6) аудан аумағында Қазақстан Республикасының Мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы заңнама талаптарын іске асыру;
7) аудандық кітапханалардың жұмыс істеуі, ауданның мәдениет мекемелерінің желісін басқару;
8) өз өкілеттігі шеңберінде аудан аумағында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
9) мәдени және тарихи мұраны жаңғырту, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастарды қалыптастыру және реттеу, тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, реставрациялау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
10) дене шынықтыру және спорт саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
11) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;
12) дене шынықтыру және спортты дамыту саласында ауданның ұйымдары, бірлестіктері, мекемелері мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіру;
13) аудандық спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын жоспарлау және өткізу;
14) жекелеген спортшыларды, бұқаралық, ұлттық спорт түрлері, мүгедектер спорты бойынша ауданның құрама командаларын даярлауды және олардың облыстық және республикалық спорттық жарыстарға қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
15) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша конференциялар, төрешілер кеңестерін, семинарлар өткізу;
Функциялары:
1) ауданда мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың мемлекеттің ішкі саясатын жүзеге асыру барысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларын орындауды бақылау;
2) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды диагностикалауға және болжауға бағытталған әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;
4) аудандағы діни ахуалға зерттеу және талдау жүргізу;
5) Бесқарағай ауданының аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;
6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
7) мемлекеттік және өзге де мерекелер, маңызды саяси оқиғалар құрметіне қоғамдық-саяси іс-шаралар ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын барлық халықтардың ұлтаралық бірлігі мен мәдени байланыстарын нығайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
9) мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру және өткізу, оның ішінде мәдениет мекемелері желісі арқылы халық үшін концерттер, театрландырылған және өзге де қойылымдар ұйымдастыру;
10) көркемөнерпаздарды дамыту, шығармашылық ұжымдарды құру (халық аспаптары ансамбльдері, би және драмалық ұжымдар, эстрадалық ансамбльдер, хор және т. б);
11) ауданда ономастика және терминологиялық жұмыс саласындағы жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
12) мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсету және жәрдемдесу;
13) ауданның ішкі саяси өмірінің, мәдениетінің, тілдерді дамыту мен спорттың маңызды мәселелері бойынша аудандық мәслихат пен әкімдік отырыстарына материалдар дайындауға қатысу;
14) аудан аумағында Қазақстан Республикасының гендерлік саясат саласындағы заңнамасының талаптарын іске асыру;
15) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау;
16) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізу;
17) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;
19) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;
20) спортшыларға спорттық разрядтар беру, спортшыларды: 2-разрядты спортшыны, 3-разрядты спортшыны, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшыны, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшыны, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшыны спорттық разрядтардан айыру;
21) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру, оларды біліктілік санаттарынан айыру;
22) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асыру;
23) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуді үйлестіру;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және ауданның жергілікті атқарушы органына ұсыну;
25) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастыру және бекіту;
26) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
27) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
28) аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету;
29) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
30) аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз ету;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Құқықтары мен міндеттері:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшылығының қарауына ұсыныстар енгізуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде бөлімнің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп әзірлеу үшін ауданның жергілікті атқарушы органдарының басқа бөлімдерінің қызметкерлерін тартуға;
3) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер өткізуге бастамашылық жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға;
5) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беруге;
6) заңды және жеке тұлғалар туралы ресми сұрау салған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпарат беруге міндетті;
7) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға;
8) бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға құқылы.