Арыс қаласы ішкі саясат бөлімі
«Арыс қалалық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат, дін және өңірде мемлекеттік тіл саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыруға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Басқарма өз қызметінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты, аймақтағы ұлттар бірлігін сақтауға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау, барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, діни қызмет, ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыруды мақсат етеді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын, жаңа реформалар мен саясаты бойынша өңірде кең көлемді ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жүктелген.