Ішкі саясат бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Ішкі саясат бөлімі Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім аудан әкімі орынбасарының тікелей басқаруымен жұмыс атқарады.

    Бөлімнің негізгі мақсаты қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру мен қоғамды біріктіру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу, әкімнің және жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына тиімді қызмет атқаруына қолғабыс жасау.