Білім сапасын сырттай бағалау және білім беру қызметін лицензиялау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Мемлекеттік бақылау және білім беру қызметін лицензиялау бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Білім сапасын қамтамасыз ету комитетіне қарасты Ұлытау облысы бойынша білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Бөлімді департамент басшысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындайтын бөлім басшысы басқарады.

    Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Білім және ғылым министрлігінің Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің бұйрықтары мен өкімдерін, департамент басшысының шешімдерін, департамент пен бөлім ережелерін басшылыққа алады.