Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі

    Департамент туралы

    Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес департамент басшысы тағайындайтын бөлім басшысы басқарады.

    Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Оқу-ағарту Министрлігі білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің, Департамент басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, Департаменттің ережесін және бөлімнің Ережесін басшылыққа алады