Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімі болып табылады.

    Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Қарағанды облысыныңБілім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

    Бөлім қызметінің бағыттары:

    • білім беру саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;
    • білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;
    • білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуге қатысу;
    • білім беру ұйымдары қызметінің негізгі бағыттарына мониторинг жүргізу;
    • педагогикалық әдеп нормаларын бұзу және педагогтердің құқықтарын қорғау мәселелерін қарау;
    • білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.