Ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту бөлімі
Ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту бөлімі цифрландыру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді, "Smart city" технологияларын енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады, Жетісу облысында іске асырылатын цифрландыру саласындағы жобаларды танымал ету бойынша іс-шаралар өткізеді.
Міндеттері:
цифрландырудың негізгі салаларына цифрлық технологияларды енгізу және дамыту;
цифрландыру саласындағы ұлттық жобаларда көзделген бағыттар мен жобалар бойынша цифрландыру жобаларын іске асыру;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдармен, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторымен, «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету.
Функциялары:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген цифрландыру саласындағы ұлттық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын үйлестіру және бақылау;
цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда көзделген бағыттар мен жобалар бойынша цифрландыру жобаларын іске асыру;
Жетісу облысында іске асырылатын цифрландыру саласындағы жобаларды танымал ету жөніндегі іс-шараларды өткізу;
жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын ескере отырып, «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, «электрондық әкімдік» типтік архитектурасын енгізу;
мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін құру және дамыту;
мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ «электрондық үкімет» архитектуралық порталында мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпаратты өзектендіруді қамтамасыз ету, осы бағытта Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық жүйелеріне әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді, бастапқы бағдарламалық кодтарды (бар болған жағдайда) және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің баптаулар кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;
қағаз жеткізгіштердегі техникалық құжаттаманың түпнұсқаларын сақтауды және оларды «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына ұсынуды қамтамасыз ету;
Жетісу облысының мемлекеттік органдарының «Ашық деректер» порталын толтыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» дағдыларын дамыту бойынша оқыту семинарларын, курстарын ұйымдастыру;
ақпараттық-коммуникациялық қызметтер каталогына сәйкес «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторынан ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;
Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдарының республикалық деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және облыстық деңгейдегі ведомстволық ақпараттық жүйелерді пайдалану тиімділігіне мониторинг жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын бағыттар мен салалар бойынша Жетісу облысында мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, Жетісу облысын дамыту бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын бағыттар бойынша Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүргізу үшін уәкілетті органға есептік ақпаратты ұсыну, тиімділікті бағалау қорытындыларын талдау, көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі жоспарларды әзірлеу және іс-шараларды іске асыру;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурс немесе тікелей келіссөздер ұйымдастыру;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру;
цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдайлар жасау.