Ветеринария бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие;

    Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады;

    Бөлім басшысы Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

    Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде, оның міндеттерін Бөлімнің бас маманы атқарады;

    Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.