Қалдықтарды басқару,жер қойнауын пайдалану,есеп және аудит бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Табиғат қорғау жобалары бөлімі

    1. Табиғатты қорғау жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуларын ұйымдастырады және өткізеді (конкурстар өткізу, шарттар жасау, шарттардың орындалуын бақылау);

    2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

    3. Жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасақтау;

    4. Өз құзыреті шегінде табиғатты қорғау іс-шараларына бөлінген ақша қаражатының мақсатты және толық пайдалануын бақылайды;

    5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;

    6. Өз құзыреті шегінде стратегиялық жоспар мен Маңғыстау облысының өңірлік даму бағдарламасына қатысты мәліметтер мен ұсыныстар береді;

    7. Стратегиялық жоспар мен Маңғыстау облысының өңірлік даму бағдарламасына қатысты жұмыстар мен есептерді ұйымдастыруға қатысады;

    8. Экологиялық жағдайды сауықтыруға және жұртшылықты экологиялық мәселелер бойынша хабардар етуге бағытталған ғылыми-практикалық іс-шаралар (конференция, семинар, жиналыстар, дөңгелек үстел, симпозиум және басқа іс-шаралар) өткізуге қатысады, жұртшылыққа экология мәселелері бойынша ақпарат береді;

    9. Маңғыстау облысы бойынша Каспий маңы өңіріндегі экологиялық жағдайын зерделеу, талдау және болжамдау жөніндегі жұмыстарын жүргізеді;

    10. Қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына бередi;

    11. Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландырудың тұрақты жүйесін қалыптастыру болып табылады;

    12.Өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;

    13. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша облыс әкімдігінің және әкімінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысады;

    14. «Экологиялық зерттеу зертханасы» ЖШС-нің жұмыстарына жетекшілік етеді;

    15. Мемлекеттік органға қолданыстағы заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.