Өзгерістерді басқару және процестік даму бөлімі Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің міндеттері:

    1. Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын және мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жақсартуды сүйемелдеу;
    2. Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын ішкі бақылау.

    Бөлімнің негізгі функциялары:

    1. Цифрландыру жобалары шеңберінде Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің функциялары мен мемлекеттік қызмет көрсету процестерінің өзгерістерін үйлестіру;
    2. Цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасау;
    3. Алматы қаласының аумағында мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын, қол жетімділігін арттыруды қамтамасыз ету;
    4. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
    5. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін және Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.