"Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы" ММ деректерді басқару бөлімі

    Бөлім туралы

    «Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің деректерді басқару бөлімі «Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    Бөлім мақсаты:
    1) Ақтөбе облысының ақпараттандыру, цифрлық технологиялар және ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
    2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы, ақпараттандыру туралы, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамаларының Ақтөбе облысының жеке субъектілерімен сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;;
    3) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы, сондай-ақ ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау, соның ішінде нұсқамалар беру және Ақтөбе облысының жеке субъектілеріне қатысты заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды орындау үшін жіберу;
    4) Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының қағидаттарын қамтамасыз ету және жүргізу;
    5) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру;
    6) өз құзыреті шегінде Бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
    Бөлім функциялары:
    1) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру;
    2) техникалық құжаттама түпнұсқаларын қағаз тасығыштарда сақтауды қамтамасыз ету және оларды «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;
    3) Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарында цифрлық сауаттылықты арттыру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
    4) ұсынылатын ақпараттық-коммуникациялық қызметтерге сәйкес операторлардан ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;
    5) ақпаратқа қол жеткізуді, оның ішінде ақпараттық ресурстарды толықтыруды қамтамасыз ету;
    6) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыру;
    7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Ашық деректер», «Ашық НҚА», «Ашық диалог», «Ашық бюджеттер» Ашық үкімет компоненттері бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне операциялық бағалау жүргізуді ұйымдастыру;
    8) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастыру, сондай-ақ олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз ету;
    9) цифрландыру мәселелері бойынша форумдар, тұсаукесерлер, кеңестер мен семинарлар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ оларды облыста, Қазақстан Республикасында өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
    10) цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс кеңестеріне қатысу;
    11) шет мемлекеттердің оқыту семинарларына, конференцияларына қатысу арқылы цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу;
    12) өз құзыреті шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
    13) басқарманың бюджетін жоспарлау, қарау, бекіту, нақтылау және түзету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
    14) басқарманың бухгалтерлік есебін жүргізу, қаржылық және бюджеттік есептілікті тапсыру, бюджеттің атқарылуы жөніндегі қызметті іске асыру;
    15) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру;
    16) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы, ақпараттандыру туралы, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамаларының Ақтөбе облысының жеке субъектілерімен сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
    17) субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы жолданымдарын қарау және тиісті шешімдер қабылдау;
    18) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының бұзылуына жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қабылдау;
    19) меншік иесінен, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап ету;
    20) субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру;
    21) Ақтөбе облысының жеке субъектілерінің Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы, ақпараттандыру туралы, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамаларының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар беру және оны орындау үшін жолдау;
    22) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
    23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.