Адами ресурстарды басқару, жиынтық-талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Адам ресурстарын басқару, жиынтық-талдау және ұйымдастыру жұмысы

    Мақсаты:
    1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және медициналық кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы орталық атқарушы органның заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;
    2) денсаулық сақтау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу;
    3) басқарма басшылығының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
    Функциялары:
    1) бөлімнің құзыреті шегінде жоғары тұрған инстанцияларға (Денсаулық сақтау министрлігі, облыстық әкімдік, басқа да органдар мен ұйымдар) ақпараттың уақтылы және сапалы дайындалуына бақылауды үйлестіру және жүзеге асыру.
    2) ДСБ ұйымдастырушылық - өкімдік және регламенттеуші құжаттарының уақтылы және сапалы дайындалуын үйлестіру және бақылау, облыстың медициналық ұйымдарының олардың орындалуына мониторинг жүргізу.
    3) медициналық кадрларды қамтамасыз ету жай-күйін талдау, орналастыру және ұтымды пайдалану, облыстың медициналық кадрларының кадрлық әлеуетін пайдалануды жақсарту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау. Облыстың медициналық кадрларының айналымдылығын талдау және оны төмендету бойынша шаралар қабылдау.
    4) облыстың медицина кадрларының біліктілігін арттыру жай-күйін талдау, өтінім жасау және шет елдерде жіті тапшы мамандықтар бойынша мамандарды дипломнан кейінгі даярлауды ұйымдастыру.
    5) медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу, медицина кадрларын, оның ішінде облыстың ЕПҰ жас мамандарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
    6) қалалар мен аудандар әкімдерімен медициналық кадрларды әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыс – медициналық кадрларды бекіту.
    7) біліктілікті арттыру жай-күйін талдау, өтінім жасау, медицина кадрларының біліктілігін уақтылы арттыруды жоспарлау және жүзеге асыру, біліктілік санаттарын беруге аттестаттау.
    8) облыстың медициналық ұйымдарының есептерін талдау, облыстың медициналық кадрлары бойынша статистикалық есептерді жинақтау, дайындау және тиісті органдар мен ұйымдарға ұсыну ( ҚР ДСМ, "Мединформ" жақ, облыстық статус.басқару).
    9) Облыстың ЕПҰ басшыларының кадр құрамын талдау, Облыстың ЕПҰ басшы құрамының кадрларын ұтымды орналастыру бойынша ұсыныстарды іріктеуді және ұсынуды жүзеге асыру. Облыстың ЕПҰ басшыларының кадр құрамының резервін айқындау.
    10) облыстың медициналық кәсіпорындары директорларының бос лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізуге құжаттарды дайындау; облыстың медициналық ұйымдарының басшыларын, олардың орынбасарларын және бас бухгалтерлерін лауазымдарға тағайындауға жеке істерін дайындау;
    11) облыстың медициналық ұйымдары басшыларының атқаратын лауазымына сәйкестігіне аттестаттау жүргізу үшін құжаттар дайындау;
    12) ҚР ДСМ және облыстық әкімдікке марапаттау материалдарын дайындау және жолдау;
    13) медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі басқарма басшысының, облыс әкімдігінің және жоғары тұрған мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шараларды, кездесулерді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
    14) басқарма басшысының облыс әкімдігінің, денсаулық сақтау органдары алқасының және өзге де кеңестердің отырыстарына қатысуы үшін ақпарат жинауды ұйымдастыру;
    15)басқарма басшысының халықпен кездесулерді, жұмыс сапарларын, облыс әкімдігінің және жоғары тұрған мемлекеттік органдар өкілдерінің аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) медициналық ұйымдарына сапарларын ұйымдастыруы және өткізуге қатысуы;
    16)аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) басқармасының құрылымдық бөлімшелері мен медициналық ұйымдарының қызметін үйлестіру;
    17) тоқсан сайынғы негізде облыстың денсаулық сақтау саласын дамыту (оның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарламалар) бойынша талдамалық материалдарды уақтылы және сапалы дайындауды ұйымдастыру.
    18) облыстың барлық медициналық ұйымдарында ақпараттық жүйелерді енгізу мен интеграциялауды қамтамасыз ете отырып, электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
    19) мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, облыс әкімдігінің, медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі басқарма басшысының тапсырмаларының сапалы орындалуына талдау мен мониторингті жүзеге асыру.