Шымкент қаласы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі
Жалпы ақпарат
Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі Шымкент қаласы бiлiм басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Техникалық және кәсіптік білім беру бөлім қызметінің негiзгi мiндеттерi: қаладағы техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының оқу-тәрбие және өндірістік жұмысына басшылық жасау, бөлім қызметінің құжаттық-ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Кадрларды даярлауды ұйымдастыру, оның даярлық сапасын қадағалау. Кәсіптік білім беруге қатысты оқу орындарына әдістемелік көмек көрсету.