Жиынтық есептілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімі
Қаржы басқармасының қызметін қамтамасыз ету бойынша шығыстарының есебін жүргізу: қаржыландыру жоспарларын жасау және қаржы басқармасы бойынша бөлінген қаржыны пайдалануына талдау жүргізу; басқарма бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу (негізгі есебін, тауарлы-материалдық құндылықтарды, шаруашылық операцияларды), басқарма қажеттілігі үшін мемлекеттік сатып алуды жүргізу, қазіргі заманға сай бюджетке салықтарды, зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарды есептеу және аудару, қызметкерлер мен штаттан тыс қызметкерлерге еңбекақыны төлеу; басқарма бойынша айлық, тоқсандық, жылдық пайдаланылуы туралы есеп беруді, кредиторлық, дебиторлық берешек жөнінде есеп берулерді уақытылы дайындау және тапсыру; Қостанай қаласы бойынша Салық комитетіне және Қостанай облысының статистика басқармасына салықтық, статистикалық есеп берулерді уақытында дайындау және тапсыру; Ережелерді, нұсқаулықтарды, бухгалтерлік құзыретіне жататын есеп жүргізу мен есептілік, басқа нормативтік құжаттардың сұрақтары бойынша әдістемелік нұсқауларын жүйелік есепке алу. Бюджетті атқаруға және мемлекеттік сатып алу туралы заңының сақталуына байланысты мәселелер бойынша семинарларға және басқа да шараларға қатысу; Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруының мониторингі және қаржыландыру жоспарына өзгертулерді енгізу; Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасының стратегиялық жоспарының жобасын дайындауда, уәкілетті органмен келісуде және бекітуде қатысу; Қаржылық тәртіпке және қорлардың рационалды пайдалануына бағытталған шараларды жүргізу және дайындауда қатысу.