Алматы қаласы туризм департаментінің әкімшілік-қаржы бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Жылдық бюджеттерді әзірлеуді және қорғауды, қаржылық есептерді және қаржылық бюджеттерді нақтылау бойынша негіздемені дайындауды, тиісті бюджеттік жылға қалалық бюджетте көзделген бюджеттік бағдарламалар әзірлеуді іске асырады; құрылымдық бөлімшелер мен бағынышты ұйымдардың бюджеттік және арнайы бағдарламаларды әзірлеу және түзету бойынша қызметтерін үйлестіреді; жергілікті бюджеттің мақсатты бағдарламалар мен жобаларға бөлінетін қаражатын бөлу бойынша ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ олардың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасайды; іс-шаралар өткізуге және іссапарларға шығыстар сметаларын бақылайды; материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың үнемді пайдаланылуына, Басқарма меншігінің сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді; кем шығуды, ақшалай қаражатты және тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсауды, қаржылық және шаруашылық заңнаманы бұзуды ескерту бойынша шаралар қабылдайды; бөлім қызметіне жалпы басшылық жасайды, бөлім құзыретіне кіретін міндеттердің негізгі бағыттарын, орындалу нысандары мен әдістерін айқындайды және бөлім жұмысын жоспарлайды; жергілікті бюджеттен туризмді дамыту бағдарламасы бойынша бөлінетін қаржылық құралдардың игерілуіне бақылау жасайды; экономика және бюджеттік жоспарлау бойынша құзыретті органға ұсыну және кейіннен қорғау үшін бюджеттік ассигнованияға қажеттіліктің жобасын, оған есептеулер мен негіздемелерді әзірлейді; бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша бухгалтерлік есепті, бас кітапты, кассалық және нақты шығыстар кітабын жүргізеді; ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады; бағынышты мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы жинақтаушы анықтамалар мен есептер дайындайды; бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтерге, жасалатын операциялардың заңдылығына, бюджеттік қаражаттың бекітілген сметаға сай үнемді және мақсатты жұмсалуына, сондай-ақ ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың сақталуына жауап береді; туризмді дамыту бөлімімен бірге стратегиялық және басқа жұмыс жоспарларын әзірлейді; қажет болған кезде бюджетті түзетуге байланысты есептеулер мен негіздемелер әзірлеуді және дайындауды қамтамасыз етеді; туристік іс-шаралар өткізуге жылдық бюджеттік ассигнованиялардың шығыстар сметасын әзірлейді; қолданыстағы нұсқаулықтар мен ережелерге сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; жылдық бюджетке өзгерістер енгізудің қажеттігі туралы экономикалық негіздеме дайындайды; іссапарлар бойынша аванстық есептерді қабылдайды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның тікелей басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.