«Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» КММ мемлекеттік қызметтерді талдау және жиынтық-аналитика бөлімі
Құжаттармен және құжатталған ақпаратпен жұмыс істеу кезінде ұйымдастырушылық және компьютерлік технологияларды қолдануға негізделген жаңа технологиялық процестерді енгізу, оның ішінде құжаттар құрамын және ақпараттық көрсеткіштер жүйесін жетілдіру.Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, Президенттің, Үкіметтің, әкімдіктің, мәслихаттың және қала әкімінің тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.Әкімдердің халықпен кездесулерінің қорытындылары бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастыру.Азаматтардың өтініштерін қарау және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша шаралар қабылдау.Қазақстан Республикасының заңнамасын азаматтар мен заңды тұлғалардың сақтауына жәрдемдесу.Басқарманың құрылымдық бөлімшелері қызметін жүйелеу, талдау және мониторинг жүргізу.Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету.Басқарма басшылығының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру және тапсырмалардың орындалуын бақылау.Өтініштер мен хат-хабарларды тіркеу, есепке алу және орындалуын бақылау.Басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын жүргізу және халықпен өзара байланыс орнату.Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын талдау, оларды жетілдіру және дамыту, сондай-ақ электрондық өзара іс-қимылды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.Басқарма қызметінің қорытындылары бойынша талдамалық материалдар, есептер және презентациялар дайындау.Терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру.