Байланыс және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі
Жалпы ақпарат
Байланыс және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметінде Байланыс, мемлекеттік қызметтер мен бизнес-процестерді автоматтандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласында басшылықты жүзеге асырады.
Міндеттері:
- Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу;
- «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын іске асыру бойынша АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- Цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының алдын алу және оларға жедел ден қою;
- Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
- Өз құзыреті шегінде бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Функциялар:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген цифрландыру саласындағы ұлттық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын үйлестіру және бақылау;
- цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда көзделген бағыттар мен жобалар бойынша цифрландыру жобаларын іске асыру;
- Жетісудағы цифрландыру жобаларың насихаттау;
- «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Жетісу облысының мемлекеттік органдарының іске асыруы жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және бақылау;
- Жетісу облысы халқын байланыс және интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және бақылау;
- өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп Жетісу облысында байланыс желілерін дамыту;
- Жетісу облысының елді мекендерінде кең жолақты интернетке қол жеткізудің бар-жоғына талдау жүргізу;
- «Электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес және қорғау профилімен айқындалатын, мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі бойынша бірлескен жұмыстар туралы шартпен ресімделетін ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялауды қамтамасыз ету;
- Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету.