ЖЕТІСАЙАУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Жетісай ауданының қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі - Жетісай ауданының аумағында құрылыс және қала құрылысы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.
Жетісай ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі «Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №265 бұйрығына сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға елді мекеннің аумағында және қонысаралық аумақта құрылыс салуды жүзеге асыру мақсатында бастапқы материалдарды алуға бірнеше мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
- Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды беру"
- "Эскизді (эскиздік жобаны) келісу"
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 202 бұйрығы негізінде, «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» қағидасына сәйкес,
- Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қызметі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығы негізінде, "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидасыны сәйкес,
- Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою қызметі көрсетіледі.