Әлеуметтік нысандар құрылысы бөлімі

    Бөлімдер

    Бөлімнің негізгі мақсаттары, міндеттері мен құқықтары мыналар болып табылады:

    1) өңірдің кешенді әлеуметтік–экономикалық дамуының ағымдағы және перспективалық міндеттерін шешуге бағытталған, құрылыстың кешенді дамуының бірыңғай стратегиясын қалыптастыру, жүргізу және құрылыс саласы мен қызметін жетілдіру;

    2) әлеуметтік сала нысандарының құрылысын дамыту, әлеуметтік, экономикалық инженерлік-техникалық және эстетикалық мәселелерін кешенді шешу бағдарламасы мен концепциясын әзірлеп, оның орындалу барысын реттеу және оларды жобалау-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;

    3) құрылыс саласы бойынша облыстың 5 жылға арналған даму жоспарындағы, облыс әкімі мен ҚР Премьер-Министрі арасында түзілген түйінді индикаторларға талдау жасау және ай сайынғы орындалуына мониторинг жүргізу, нәтижесімен белгіленген көрсеткіштерді жақсарту, қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ұсыныс енгізу, жетекшілік ететін салалары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, аудан және қала әкімдіктерінің жұмыстарын үйлестіру;

    4) стратегиялық маңызы бар бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктей отырып бюджеттік саясатты қалыптастыру;

    5) заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың даму жоспарының құрылыс саласына қатысты бөлігіне ұсыныстар әзірлеу және келісу;

    6) облыстың даму жоспарының құрылыс саласына қатысты бөлігінің орындалуына мониторинг жүргізу;

    7) заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың даму жоспарының қала және аудандар кесіндісінде декомпозицияланған нысаналы индикаторлардың құрылыс саласына қатысты бөлігінің орындалуына мониторинг жүргізу;

    8) заңнамада белгіленген тәртіппен ҚР дамуының Стратегиялық жоспары, Ұлттық жобалар, Орталық мемлекеттік органдардың салалық даму тұжырымдамалары мен өзге де жоғары тұрған стратегиялық құжаттардың орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіру;

    9) Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасының құрылыс саласына қатысты бөлігінің орындалуын бақылау;

    10) Мемлекет басшысының жолдауларының орындалуына мониторинг жүргізу;

    11) Келіп түскен бюджеттік ұсыныстарды саралай отырып, жыл сайын елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;

    12) инжинирингтік компаниялардың өндірістік қызметін үйлестіру;

    13) құрылыс нысандарында құрылыс-монтаждау жұмыстарының өндірістік күнтізбелік кестесінің сақталуына бақылау жасау;

    14) әлеуметтік сала нысандарының құрылысын дамыту концепциясы мен бағдарламасын әзірлеу және оның орындалу барысын реттеу;

    15) Түркістан облысының аудандары мен қалалары әкімдіктерінің құрылыс бөлімдерінің қызметін үйлестіру мен әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

    16) әлеуметтік нысандар құрылысы бойынша жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарларына ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

    17) облыс бойынша құрылысы жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының құрылыс барысын тексеру;

    18) инжинирингтік компаниялармен және аудандық (қалалық) құрылыс бөлімдерімен бірлесе, нысандардағы өндірістік жұмыстар кестесінің сақталуына бақылау жүргізу;

    19) құрылыс жұмыстарының барысында жіберілген кемшіліктерді жою бойынша шара көру;

    20) аудан (қала) әкімдіктері тапсырысшы болып табылатын нысандар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуы кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізу;

    21) Түркістан облысының құрылыс басқармасы тапсырысшы болып табылатын нысандар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарында орындалған жұмыстардың нақты көлемін тексеру және сапалы орындалуын бақыла;

    22) бөлімнің құзіреті шегінде бюджеттің орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және оған бақылау жасау;

    23) бөлімнің құзіреті шегінде Түркістан облысы құрылыс басқармасы тапсырысшы болып табылатын нысандарды (кешендерді) пайдалануға қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

    24) мердігер ұйымдар, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тарапынан келісімшарт міндеттемелерін бұзу жағдайлары анықталған жағдайда бөлімнің құзіреті шегінде қолданыстағы заңнамада, сондай-ақ түзілген келісімшартта қаралған шараларды қолдану, оның орындалуына бақылау жасау;

    25) бөлімнің құзіреті шегінде мердігер ұйымдар мен техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тарапынан қабылданған келісімшарт міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

    26) бөлімнің құзіреті шегінде өндірістік жұмыстардың кестесін келісу;

    27) мемлекеттік органның негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

    28) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен облыс әкімдігіне жетекшілік ететін салалары және басқа да қажетті ақпараттық-сараптамалық материалдарды дайындап, ұсыну;

    29) жетекшілік ететін мәселелеріне қатысты келіп түскен тапсырмаларды, сондай-ақ, басқарма басшысы және оның орынбасарларының басқа да тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету;

    30) бөлім өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болу;

    31) бөлім өзіне жүктелген міндеттерді сапалы және мерзімінде басқарманың басқа бөлімдерімен бірлесе орындау;

    32) бөлім құзіреті шегінде облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

    33) облыс әкімінің тұрғындармен кездесуіне материалдар жасақтау, кездесулер нәтижесімен берілген тапсырмалардың орындалуын мониторинг жүргізу.