Әлеуметтік сала объектілерін салу бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады; бюджеттік қаражат есебінен салынып жатқан әлеуметтік саладағы және тұрғын үй (басқарма бойынша) объектілер құрылысының барысына мониторингті жүргізеді, ғимараттар мен имараттарды көзбен шолу және тексеру комиссиясының жұмысына қатысады, тексеріс нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды, басқармасы тапсырыс беруші болып табылатын шарттардың орындалуына және жұмыс жүргізу кестесінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады, белгіленген 3 КС нысаны және орындалған жұмыстар актісіне сәйкес әлеуметтік саладағы және тұрғын үй бекітілген салынып жатқан объектілердің орындалған жұмыс көлемін қабылдайды, құрылысы аяқталған әлеуметтік саладағы, тұрғын үй және сумен қамту және су тарту объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысады; авторлық, техникалық қадағалау және бас мердігер ұйымдардың құрылыс нысандарына қатысты мәселелерін шешеді; нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімдер жобасын әзірлеуді және келісуді ұйымдастырады; "ЖҚЖК", "Ауыл Ел-бесігі", "Астана маңындағы аймақтың шеті", "ЩБКА", "БЖК-2025" және жергілікті қамту мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша талдамалық ақпаратты дайындау және салалық облыстық басқармаларға бюджеттер бойынша аралық және қорытынды есептерді ұсынуды бақылауды жүзеге асырады; кіріс/шығыс хат-хабар алмасуына бақылау жүргізеді.