Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімі - басқармаға жүктелген құрылыс саласын дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуге атсалысады. Құрылысы аяқталған объектілерді мердігер мекемелерден қабылдап алу жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізеді.

    Облыста салынып жатқан объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасының уақтылы әзірленуін ұйымдастырады және бақылайды, жобалау-сметалық құжаттама бойынша ашық конкурстар өткізу үшін техникалық ерекшеліктер дайындайды.