Ақсуат ауданының құрылыс, сәулет, қала құрылысы, тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі
Мемлекеттік мекеменің қызметінің нысаны мен мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. Қызметінің нысаны мен мақсаты:
1) «Ақсуат аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаты сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.
2) "Ақсуат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің нысаны аудандық деңгейде сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
16. Міндеттері:
1) Ауданның өмір тіршілік қызметін инженерлік қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуін және дамытуды ұйымдастыру, аудан аумағында сәулет және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
2) бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;
3) Ауданда қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу және көгалдандырудың, жарықтандырудың, санитарлық жағдайының, көріктендірудің қажетті деңгейін, құрылысты дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу мен құрылыс, сәулет саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
4) Аудан аумағындағы тұрғын үй қорын сақтау және пайдалану бойынша тиісті кондоминиумдар объектілерін басқару органдарының қызметін бақылау;
5) ауданда тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын қауіпсіз пайлану талаптарынның сақталуына бақылау жасау болып табылады;
6) заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде аудан аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
7) тұрғын үй қорын сақтау және пайдалану бойынша тиісті іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;
8) аудан аумағын абаттандыру және инженерлік дайындығы, құрылыс кешенінің дамыту және қалыптастыру;
9) құрылыс саласында алдынғы қатарлы технологиялардың, негізгі ғылыми-технологиялық бағыттарын еңгізуге жәрдемдесу;
10) аудандағы әлеуметтік манызы бар нысандардың қыс маусымына дайындығын ұйымдастыру, отын қорының дайындалуын қадағалау және қажетті ақпараттар ұсыну;
11) жылу, энергиямен қамту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және энергетика саласындағы заңнамалық талаптарды орындау;
12) аудан көлеміндегі елді мекендердің интернет желілірімен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу;
17. Функциялары:
1) заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
4) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау туралы шешім қабылдау;
5) Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жерге тиісті құқық беру туралы шешім, жобалауға бекітілген тапсырма, инженерлік қамтасасыз ету мен коммуналдық қызмет көрсету көздеріне қосуға техникалық жағдайлар жасау және басқа да бастапқы материалдар (деректер) негізінде тапсырысшыға сәулет-жоспарлау тапсырмасын береді;
6) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын(аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;
7) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық маслихаттың бекітуіне ұсыну;
8) құрылыс жүргізілетін және күрделі жөндеуден өткізілетін нысандардың сапасына бақылау жасау;
9) құрылыс нысандарына қатысты әртүрлі комиссиялардың жұмыстарына қатысу;
10) пайдалануға берілетін обьектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
11) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған обьектілер құрылысын тоқтатып қою, обьектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
12) Ақсуат ауданындағы құрылыс қызметін үйлестіру, құрылыс қызметі саласындағы әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар жоспарларын әзірлеп, келісуге қатысу;
13) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
14) су құбырларын, тазарту құрылғыларын, жылу мен электр желілерін және басқа да ауданның көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салуды және пайдалануға берілуін ұйымдастыру;
15) ауданның жолдарын салуды, пайдалануды және күтіп ұстауды, жерлеу орындарын күтіп ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеуді ұйымдастыру;
16) аудан аумағында абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
17) заңнамамен берілген өкілеттіктер шегінде коммуналдық қызмет саласында баға (тарифтік) саясатын қалыптастыруға қатысу;
18) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін, қала жолдарын, көріктендіру объектілерін салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
19) үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативтерін құруға жан-жақты көмек пен жәрдем көрсету;
20) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін жөндеу және күтіп ұстау бойынша ұйымдастыру нысанын енгізу іс-тәжірибелерді жалпылау, ұсыныстарды әзірлеу;
21) Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарттарын жасау, қажетті жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жалдаушы мен оның отбасы мүшелерін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп тану туралы шаралар қабылдау;
22) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді азаматтардың жеке меншігіне беруді жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
23) жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға тиісті анықтама беру;
24) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
25) коммуналдық тұрғын үй қорына тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдеріне жыл сайын түгендеу жүргізу;
26) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді бөлуді қамтамасыз ету;
27) Иесіз тұрғын үй жылжымайтын мүлкін, иесіз қалған деп тану және ауданның коммуналдық меншігіне өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
28) авариялық үй-жайларды бұзу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру
29) тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;
30) ауданның жол-көпір шаруашылығы және көріктендіру объектілерін, жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін дамытудың мақсатты бағдарламаларын қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысу;
31) тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;
32) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес
жолаушылар мен жүкті автомобиль көлігімен тасымалын ұйымдастыру;
33) ауданда жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
34) тұтынушылардың жылу құрылғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйін, жылу желілерінің дайындығын және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жүзеге асырылуын және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;
35) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын беру;
36) ауданда тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын қауіпсіз пайлану талаптарынның сақталуына бақылау жасау болып табылады.
37) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
38) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
39) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
40) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
39) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған обьектілер құрылысын тоқтатып қоют , обьектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
40) Ақсуат ауданындағы құрылыс қызметін үйлестіру, құрылыс қызметі саласындағы әлеуметтік-эконоикалық бағдарламалар жоспарларын әзірлеп, келісуге қатысу;
41) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар:
Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз қосу, пайдалану (тұтынушылардың жылуды пайдаланалатын құрылғылары бөлігінде), су құбыры желілерінен суды заңсыз қосу, сол сияқты кәріздік желілерге заңсыз қосылғаны;
Дайындық паспортын алу мерзімін бұзғаны (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде);
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде);
42) аудан көлеміндегі елді мекендердің интернет желілерімен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу;
43) мемлекеттік мекеменің саласы бойынша әлеуметтік-экономикалық инвестициялық жобаларды және жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге көмектесу;
44) аяқталған жобалық-сметалық құжаттар бойынша тиісті орындарға бюджеттік өтінімдер әзірлеп, өткізу;
45) мемлекеттік сатып алу құжаттарын әзірлеу және жұмыстарын ұйымдастыру;
46) мемлекеттік мекеменің жұмысына қатысты сот процестеріне қатысу және қажетті құжаттарын әзірлеу;
47) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімі мен аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
48) құзыреті шегінде мәселелерді қарау кезінде барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттің мүддесін ұсыну;
49) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.