Стратегиялық даму, цифрландыру, инновациялық технологиялар және инвестициялар бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары
1. Бөлімнің негізгі міндеттері:
1.1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және денсаулық сақтаудың өңірлік бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету;
1.2. Денсаулық сақтау саласындағы стратегияны, мақсаттарды, басым бағыттарды әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу, басқарманың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын талдау, іске асыру мониторингі;
1.3. денсаулық сақтаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын іске асыру бойынша ақпарат дайындау;
1.4. Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыруды ұйымдастыру және басқару;
1.5. Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру;
1.6. телемедицинаның жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2.1.7. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саясатын анықтау;
1.8. медициналық ұйымдарды салу, материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша тиісті жұмыстарды орындау;
1.9. облыстың медициналық ұйымдарында инновациялық технологиялардың енгізілуін бақылау;
1.10. жобалық басқаруды іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау саласында инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізу;
1.11. Денсаулық сақтау объектілерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөнінде ақпарат дайындау;
1.12. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарларын қалыптастыру;
1.14. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
1.15. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының уақтылы мониторингін қамтамасыз ету;
1.16. комиссия жұмысына, кеңестерге, семинарларға және өзге де іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс әкімдігі басшылығының тапсырмалары бойынша анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды, бұқаралық ақпарат, қорытындыларды, сондай-ақ жарияланымдар мен құралдарда сөз сөйлеу үшін материалдарды дайында;
1.17. Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша облыс әкімдігіне, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдармен ұсынылған құжаттарды қарауды Басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп жүзеге асыру;
1.18. басқару мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін материалдар дайындау;
1.19. мүдделер қақтығысын болдырмау жөнінде шаралар қабылдау;
1.20. ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, мемлекеттік қызметшінің әдептілігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұзушылықтарды сақтау.