Стратегиялық жоспарлау, мониторинг және мемлекетті коргандар қызметінің тиімділігін бағалау бөлімі
Облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың даму бағдарламаларына, облыс өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларына мониторинг жүргізу. Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу бойынша жұмысты үйлестіру. Аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу және мониторингілеу, жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Облыстың даму бағдарламасына, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындау. Негізгі мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша облыс әкімдігі меморандумының жобасын әзірлеу. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мониторинг жүргізу бойынша ақпараттық деректер базасын сүйемелдеу. Жергілікті атқарушы органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу және іске асыру бағыты бойынша қызметтің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аналитикалық анықтамалар, материалдар, ақпараттар дайындау. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.