Стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімі
Бөлімнің негізгі функциялары:
-облыста туризм индустриясын дамыту бойынша стратегиялық жоспарды, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, перспективалық, салалық, нысаналы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
- бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеу және басқарма мен облыстардың, жоғары тұрған органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары үшін есептер дайындау;
- жобалау кеңсесі шеңберінде егжей-тегжейлі жоспарға сәйкес нысаналы индикаторлар мен бастамаларды жоспарлау және орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
-мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша туристік жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысу;
- Алматы облысында туристік кластерді дамытуға жәрдемдесу;
- негізгі ғылыми-техникалық, инвестициялық және инновациялық жобаларды, халықаралық туризмді дамыту бағыттары мен болжамдарын дайындауға қатысу;
- Алматы облысының ұйымдары, Қазақстан Республикасының өңірлері және шет мемлекеттердің туристік фирмалары арасында туристік байланыстар орнату және нығайту;
-келу туризмі бойынша жарнамалық-ақпараттық қызметті ұйымдастыру;
- халықаралық, республикалық, өңірлік туристік іс-шараларды жоспарлау және іске асыру;
- туризм саласындағы Халықаралық келісім мен келісімшарт жобасын дайындауға және іске асыруға қатысу;
- келу туризмін дамытуда табиғатты қорғау мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау;
- облыстың туристік имиджін қалыптастыру бойынша ақпараттық-жарнамалық жұмысқа қатысу;
- туризм саласындағы халықаралық инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу;
- туристік іс-шараларды өткізуге бөлінетін бюджет қаражатын тарта отырып, келу туризмін дамытуға бағытталған туристік іс-шараларға, фестивальдерге, ақпараттық турларға, конкурстарға, слеттерге, альпиниадаларға, оқу-жаттығу жорықтарына және өзге де іс-шараларға қатысу және өткізу;
- халықаралық туризм саласында тәжірибе алмасу;
- Қазақстан Республикасындағы туризм мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу;
- БАҚ және Интернет ресурстарын пайдалана отырып, туризм мен туристік қызметті насихаттауды ұйымдастыру;
- басқарма басшысының келісімі бойынша қылмыс пен құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына және өзге де уәкілетті органдарға беру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды Басқарманың қарауына ұсыну;
- бөлім қызметі шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.