Спорт бөлімі

    Бөлім міндеттері мен мақсаттары:

    Спорт бөлімінің міндеттері:

    олимпиадалық спорт түрлерін және мүгедектер спортын дамытуды жүзеге асырады. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіреді және олимпиадалық спорт түрлерінен және мүгедектер спортынан жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауды жүзеге асырады.

    Спорт бөлімінің функциялары:

    Олимпиадалық спорт түрлері мен бейімделген спорт түрлері бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

    Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының олимпиадалық спорт түрлерін және бейімді спорт түрлерін дамыту бағыттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

    Олимпиадалық спорт түрлері және бейімделген спорт түрлері бойынша облыстық спорттық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

    Олимпиадалық спорт түрлері, бейімді спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларды дайындауды ұйымдастырады және жүзеге асырады және олардың Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, кубоктарында, турнирлерінде, кешенді іс-шараларында және басқа да республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;

    Дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық және өзге де актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

    Олимпиадалық және спорттық қозғалысты ілгерілету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, өз құзыреті шегінде спорт саласындағы ақпаратты, жарнаманы және баспаны дамытуға қатысады;

    Уәкілетті денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, олимпиадалық спорт түрлерімен және бейімделген спорт түрлерімен айналысатын спортшылардың денсаулығын сақтау, оларды фармакологиялық препараттармен, ақуыз-глюкоза препараттарымен және витаминдермен қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асырады;

    Басқарма басшысымен алқа мәжілістеріне және аппарат мәжілістеріне шығарылатын мәселелерді дайындауды ұйымдастырады;

    Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және әкімшілік қабылдаған нормативтік құқықтық және өзге де актілердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

    Ведомстволық бағынысты ұйымдарда олимпиадалық спорт түрлерінің, бейімді спорт түрлерінің дамуына талдау жүргізеді, осы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

    Республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорт ғимараттарын жобалауға техникалық шарттар мен техникалық тапсырмаларды келіседі;

    Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және бекітеді;

    Ведомстволық бағынысты ұйымдарды дене шынықтыру және спорт саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістермен уақтылы таныстырады.

    Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау бойынша жұмысты жүргiзедi және Қазақстан Республикасының АПРК талаптарына сәйкес оларға өзектi жауаптар бередi.

    Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда құқықтар мен міндеттерге құқылы:

    Спорт клубтарының, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық резервтерді дайындау орталықтарының желісін дамытуды үйлестіру, облыс көлемінде оқу-жаттығу үдерісінің және допинг-бақылаудың ұйымдастырылуын қадағалау;

    Мүгедектердің олимпиадалық спорт түрлері мен спорт түрлері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу;

    Ведомстволық бағынысты ұйымдардан қажетті құжаттарды және ақпараттық-анықтамалық материалдарды сұрату.

    Спорт бөлімінің қызметін ұйымдастыру

    Спорт басқармасы заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

    Спорт басқармасы мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық тәуелсіз және басқарма басшысына тікелей бағынады.

    Спорт бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

    Спорт бөлімінің басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапкершілікте болады.

    Спорт бөлімінің басшысы басқарманың құрылымы мен штаттық кестесіне қатысты басқарма басшылығына ұсыныстар енгізеді.

    Осы мақсатта бөлім басшысы:

    1) бөлімнің құрамына кіретін бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

    2) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Бөлім басшысы болмаған кезеңде осы бөлімнің бас маманы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оған жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапкершілікте болады;

    Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік бөлім атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның орнындағы тұлға қол қояды.