Арнайы жобалар және құқықтық қамту бөлімі
Жалпы ақпарат
Арнайы жобалар және құқықтық қамту бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, қала әкімдігінің қаулылары мен қала әкімінің өкімдерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын, Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы туралы ережесін басшылыққа алады.