«Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» КММ тұрғын үй қорын жаңғырту бөлімі.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, сондай-ақ ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүзеге асыру.Тұрғын үй саласындағы қызметтерді жетілдіру жөнінде қала әкімдігіне және атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу.Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтерді сұрату.Басқарманың құзыретіне қатысты қала әкімдігі өкімдерінің, қала әкімдігінің қаулыларының және мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысу.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.Тұрғын үй қорын сақтау және оны тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.Ақпаратты электрондық түрде қалыптастыруды, өңдеуді, орталықтандырылған түрде жинауды және сақтауды, оның ішінде тұрғын үй қатынастары саласындағы ақпараттық объектілердің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес қорытынды мәліметтерді толықтыруды қамтамасыз ету.Тұрғын үй қорына түгендеу жүргізуді қамтамасыз ету және тұрғын үйлерді есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру.