Әлеуметтік сала бөлімі

    Әлеуметтік сала бөлімі

    Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметіне жетекшілік етуді жүзеге асырады.

    Ауданда мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.

    Халықтың әлеуметтік осал топтары санаттары үшін азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және аудан аумағындағы жаппай демалыс орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасауға жәрдемдеседі.

    Денсаулық сақтау ұйымдарымен және білім беру ұйымдарымен өз құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.

    Ауданның ардагерлер кеңесімен, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.

    Аудандық учаскелік комиссияның атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ Семей ядролық сынақ

    полигонының әсеріне ұшыраған азаматтарды есепке алу жөніндегі арнайы комиссияның жұмысын ұйымдастырады.

    Уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

    Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

    Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыруға қатысады.