Мүгедектерді әлеуметтік оңалту бөлімі

    Мүгедектерді әлеуметтік оңалту бөлімі туралы

    Мүгедектерді әлеуметтік оңалтубөлімінің функциялары:

    - өңірдегі мүгедектігі бар адамдардың контингентін, құрамын, жалпы халықтың құрамындағы мүгедектер үлесін талдау және зерттеу;

    - жоғары тұрған органдарға мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

    - мүгедектігі бар адамдардың протездік- ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы құралдарға), арнайы жүріп-тұру құралдарына, жеке көмекшінің қызметіне, ымдау тілі маманы қызметіне, санаторий-курорттық емдеуге қажеттілігін болжау, анықтау және қажетті қаржыға, талаптарға сәйкес, өтінімді қалыптастыру және ұсыну;

    - мүгедектігі бар адамдардың протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы құралдарға), арнайы жүріп-тұру құралдарына, жеке көмекшінің қызметіне, ымдау тілі маманы қызметіне, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етілуін қадағалау;

    - мүгедектігі бар адамдардың арналған техникалық көмекші (орнын толтырушы), арнайы жүріп-тұру құралдарын мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз ету үшін сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің техникалық сипаттамасын жасақтау;

    - мүгедектігі бар адамдардың протездік- ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы құралдарға), арнайы жүріп-тұру құралдарына, жеке көмекшінің қызметіне, ымдау тілі маманы қызметіне, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етілу жағдайын мониторингілеу, есептілікті қалыптастыру.