Әлеуметтік көмектер бөлімі

    Әлеуметтік көмектер бөлімі туралы

    Әлеуметтік көмектер бөлімінің функциялары:

    - Облыс халқының құрамындағы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылары мен азаматтардың үлесін мониторингілеу;

    - Өңірде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар мен азаматтардың санын үш жылдық мерзімге болжауды жүзеге асыру;

    - Республикалық және жергілікті бюджеттерден мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге қажетті қаржыға қажеттілікті қалыптастыру, бюджеттік өтінімді әзірлеу, белгіленген тәртіппен бюджеттік өтінімді ұсыну;

    - Аудандар мен қалаларда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төленуіне мониторинг жүргізу;

    - Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу туралы жедел және жоспарлы есептілікті ұсыну;

    -Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеу шарттары туралы әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру;

    - Өңірлерді дамыту бағдарламасының іс-шаралар жоспарында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу бөлігінде белгіленген индикаторларға қол жеткізу шараларын қамтамасыз ету.