Әлеуметтік қамқорлық бөлімі
Әлеуметтік қамқорлықбөлімінің негізгі міндеттері:
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық жасау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеленуге рұқсат беру, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның атына келіп түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді шешіп алу және мүлікті иеліктен шығару бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша (жеке және заңды тұлғаларға) ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.