Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімі
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру. Мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру. Мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау. Мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру. Мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде) арқылы жүргізу. Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету. Мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру. Мемлекеттік органның кадрларының кәсіби дамуы, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету. Конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметтік тексерістерді жүргізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту жүргізу, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде). Кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру. Мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту. Мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу. Мемлекеттік қызметке алынған қызметкерлердің жеке іс құжаттарын арнайы тексеруден өтуге дайындайды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментіне мемлекеттік қызметкерлердің ауысуы, конкурстар, аттестациялар, оқулар туралы тоқсан сайын берілетін есептерді дайындайды. Конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Ай сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментіне, облыс әкімінің аппаратына бос мемлекеттік әкімшілік орындар және тәртіптік шаралар туралы ақпараттарды дайындайды. Көп балалы аналарды “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградтауға және басқа да мемлекеттік наградаларға ұсынуға құжаттар дайындайды. Техникалық қызметкерлерге қатысты кадрлық іс құжаттарды жүргізеді. Жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалаудың «Персоналды басқару» бағыты бойынша жұмысты үйлестіреді. Бөлімнің жоспарының орындалуына жауапты. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.