Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі
Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау
бөлімінің ережесі
- Жалпы ереже
1.Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімі болып табылады.
2.Бөлім туралы ереже Департамент басшысымен бекітіледі, ал қызметкерлер арасындағы міндеттерді бөлуді бөлім басшысы іске асырады.
3.Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік - құқықтық актілерді, Департамент басшысының өкімдік-басқару құжаттарын, Департамент туралы ережені және осы ережені баксшылыққа алады.
4.Бөлімнің алдына қойылған мақсаттарының және міндеттерінің орындалуы бөлім жұмысын бағалаудағы негізгі көрсеткіш болып табылады.
- Бөлімнің негізгі міндеттері
Бөлімнің негізгі міндеттері:
1.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020ж. № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» бұйрығы негізінде:
1) «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын іске асыруды қамтамасыз ету;
2) «Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын іске асыруды қамтамасыз ету.
2.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 01.06.2020ж. № ҚР ДСМ-59/2020 «Медициналық қызметке лицензия беру» бұйрығы негізінде:
1) «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын іске асыруды қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-254/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын беру» бұйрығы негізінде:
1) «Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын іске асыруды қамтамасыз ету.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-177/2020 «Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру» бұйрығы негізінде:
1) «Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын іске асыруды қамтамасыз ету.
- Бөлімніңқызметі
- «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын іске асыруды уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
- «Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын іске асыруды уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
- «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын іске асыруды уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
- «Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын іске асыруды уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
- «Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын іске асыруды уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
- Ақпараттық – жарнамалық материалды дайындайды, Департаменттің ресми интернет-ресурсына, бірлескен басылымға арналғаг мәтінді дайындайды.
- Ішкі тәртіп ережелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды қатаң дайындайды.
- Мамандардың біліктіліктерін және білім деңгейін көтеруді, жұмыстың жаңа әдістерін меңгеру және енгізу.
- Белгіленген үлгі бойынша ессепке алу – есеп беру құжаттарын жүргізу, жоғары тұран және мүдделі мекемелерге дер кезінде ұсыну.
- Мамандар барлық қабылданған мәліметтердің сәйкестігіне және берілген мәліметтердің растығына жауап береді.
- Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша медициналық қызметтегі нысандарға әдістемелік көмек көрсету және де оны үйлестіру, кеңес беру, әдістемелік нұсқаулар дайындау және сұрауларға жауап беру.
- Өндірістік қажеттілікке байланысты профилактикалық бақылау және жоспардан тыс бақылау бөлімдерінің мамандарымен өзара алмасу, тексерулерге қатысу.
- Бөлімніңқұқықтары
Бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындау үшін бөлім:
1) жекеленген мамандардан белгіленген тәртіппен лауазымды қызметін атқаруға қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
2) білгірлігіне сай сұрақтар бойынша шешім қабылдауға;
3) мемлекеттік қызметкердің пікірі бойынша негізсіз айыптау орын алғанда қызметтік тергеу жүргізуін талап етуге;
4) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге мекемелерде Департамент мүддесін ұсынуға;
5) Департамент басшысымен өткізілетін жиналыстардағы бөлім қызметіне байланысты талқыланатын мәселелерге қатысуға;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарға құқылы.
- Бөлім қызметін ұйымдастыру, оның лауазымды
тұлғаларының өкілеттілігі
- Бөлімді Департамент басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
- Бөлім басышысы Департамент басшысының немесе штаттық кестеге сәйкес бөлім бағынатын өзге де лауазымды тұлғаның басшылығымен жұмыс істейді.
- Бөлім қызметіне Департамент басшысының немесе штаттық кестеге сәйкес бөлім бағынатын өзге де лауазымды тұлғаның тиісті өкімінсіз араласуға жол берілмейді.
- Бөлім басшысы бөлім қызметіне қатысты шешімдер қабылдау кезінде ондағы қызметкерлердің пікірлері мен ұсыныстарын ескереді. Оларды өз қызметі және қабылданған шешімдері жайлы хабардар етеді.
- Бөлім басшысы:
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді;
2) бөлім қызметкерінің міндеттері мен лауазымдық өкілеттілігін анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Бөлім қызметкерлері:
1) өз құзыреттілігі шеңберінде бөлімнің жұмысын үйлестіреді;
2) бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады, бөлім басшысымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Бөлімнің жоспарына белгіленген және түскен тапсырмаларды бөлім басшысының тапсырмасына сәйкес бөлімнің мамандары жүзеге асырады.
- Бөлім басшысы мамандардың жүктемесін ескере отырып, тапсырманы тең түрде бөледі, сонымен бірге, тапсырманы атқарып отырған маман себепті негіздермен уақытша жұмыста болмаған кезде оның жұмысын басқа маманға қосымша атқару үшін береді.
- Бөлім басшысы жоқ болған кезде оның міндеттерін басшылықтың келісімі бойынша бөлім қызметкері орындайды.
- Бөлімнің жауапкершілігі
- Осы ережемен бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметкердің сапасына және дер кезінде орындалуына бөлім басшысы толықтай жауап береді.
- Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқаулармен белгіленеді.