Сарқан аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі
Сарқан ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы ақпарат
2026 жылғы себілетін егістік көлемі 98288,8 га жоспарланып, Жетісу облысы ауыл шаруашылығы басқармасына ақпарат ұсынылды.
Дәнді дақылдар – 52620,3 га оның ішінде: Бидай – 13880 га; жаздық арпа - 29595,3 га; сұлы – 375 га; дәнді жүгері – 7600 га; тары – 200 га; сорго – 930 га; нут – 40 га;
Майлы дақылдар – 30450 га, оның ішінде: күнбағыс – 15000га, майбұршақ – 15300 га, мақсары – 150 га.
Қант қызылшасы – 2500 га, картоп – 299 га, көкөніс – 667 га, бақша – 115 га, дәрілік шөп – 275 га, мал азығы – 11362,6 га
Қант қызылшасы:
2026 жылғы себілетін қант қызылшасының жоспары 2500 га.
Жем-шөп дайындау жұмыстары:
Аудан бойынша мал азығына (шөп) жоспар 248 100 тн, орындалғаны 273 700 тонна шөп жиналды, орындалуы 110,3 % оның ішінде: Шөп жоспар 131 200 тн, орындалғаны 154 500 тн, орындалуы 117,8 %. Сонымен қатар, ауданымызда басқада мал азықтары: Пішендеме жоспар 9 500 тн, орындалғаны 11 400 тн, орындалуы 120 %; Сабан жоспар 53 200 тн, орындалғаны 53 600 тн, орындалуы 100,8 %; Жем жоспар 38 200 тн, орындалғаны 38 200 тн, орындалуы 100 %; Сүрлем жоспар 16 000 тн, орындалғаны 16 000 тн, орындалуы 100 %. Мал азығының қалдығы бойынша: Жиналған 237,7 мың тонна мал азығының 105,2 мың тоннасы жұмсалып, қалғаны 168,5 мың тонна оның ішінде:
- шөп 81,5 мың тонна;
- пішендеме 6,7 мың тонна;
- сабан 43,6 мың тонна;
- жем 27,2 мың тонна;
- сүрлем 9,5 мың тонна.
Минералды тыңайтқыш:
Аудан бойынша 2026 жылға минералды тыңайтқыштар сатып алу жоспары 12 511 тонна, бүгінгі күнге 2429,3 тонна, жұмыстар жалғасуда. (2025 жылы 12 578 тонна).
Себілген күздік дақылдар:
Аудан бойынша 2026 жылғы өніміне күздік бидай себу жоспары 13 000 га, 122 шаруа қожалығы, себілгені 13 867,5 га, орындалуы 106,6%, сүдігер жырту жоспары 23 500 га, орындалғаны 23 500 га, 100%.
2026 жылға арзандатылған жанар-жағар май:
2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 89 шаруа қожалығы 1491,1 тонна және күзгі дала жұмыстарына 86 шаруа қожалығы 1935,1 тонна арзандатылған дизель отынына “ГосАгро” бағдарламасы арқылы өтінім берілді.
«Сарканирригация» кәсіпорыны жұмыстары «Сарканирригация» су шаруашылығы мемлекеттік коммуналды кәсіпорны 2025 жылдың қортынды есебін жасауда. Сонымен қатар мекеменің балансындағы Басқан және Ново-Антоновка су торабтарының қыс мезгілдегі бақылау жұмыстары бақылауда және жан-жағына қатқан мұздарды ойып тастау үстінде.
Өзен деңгейі: Сарқан-8,0 м3/с
Басқан-7,6 м3/с
Лепсі-5,4 м3/с
Кең Дала 2 бағдарламасы:
Аграрлық несие корпорациясына 2026 жылға көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 544 968 000 теңгеге 12 өтінім беріліп, несие берілді, жұмыстар жалғасуда.
Мал қыстаулары 2025-2026 жыл бойынша
Аудан бойынша 12 ауылдық округке қарасты 143 қыстақ бар. Осы қастақтарда 150 шаруа қожалығы отыр, барлық мал басы – 73 197 бас. Оның ішінде МІҚ мал саны - 24 303 бас, МҰМ басы саны- 36 793 бас, жылқы – 11 568 бас және түйе саны - 533 бас мал бары анықталып, ондағы жиналған жем-шөп көлемі - 12 823 тонна және малшылар үйіне отын көмір - 655 тонна бар.
Мал қорымдары мен сібір ошақтары
Аудан бойынша 16 сібір жарасы көмінділері бар, бүгінгі күнге барлық сібір жарасы көмінділері ауылдық округ әкімі аппараты теңгеріміне алынған, күтіп ұстау, қоршауға алу, адамдар мен жануарлардың кіріп кетпеуіне жол бермеу жұмыстары ауылдық округ әкімі құзыретінде. 16 сібір жарасы көмінділерін бетон қоршаумен қоршау жұмыстарына облыстық ветеринария басқармасына және облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтінімді негізге ала отырып, қаражат сұрау туралы хат жолданды.
Ауданда 7 типтік мал қорымы бар, мал қорымының 5 мал қорымы ( Алмалы, Қойлық, Лепсі, Қарашыған, Көктерек) жергілікті әкімдердің теңгеріміне алынған, 2 –уі ( Черкасск ауылдық округі мен Қарабөгет ауылдық округі) теңгеріміне алынбай отыр, себебі ветеринариялық талаптарға сай келмейді.
Аудан бойынша республикалық бюджет қаражат есебінен 2026 жылы Сарқан қаласына 1 мал қорымын салу жоспарланып отыр.
Кооператив бойынша
Аудан бойынша 2019 жылдан бері ауыл шаруашылығы бағытында 8 кооператив құрылған, оның ішінде: «Көктерек Д» кооперативі (негізгі бағыты құс шаруашылығы), «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы несие алуы бойынша құжаттарын СПК Жетісуға тапсырып қаралуда. Қалған 7 кооперативпен жұмыстар жүргізіліп, орындау барысында.
Техника
2026 жылғы сатып алынатын техника жоспары 80 дана. ( 2025 жылы 90 дана сатып алынды)
Есептен шығарылған техникалар
Аудан бойынша ГРСТ базасында тіркелген ауыл шаруашылығы техникалар саны – 1616 дана, о.і. трактор 1000 дана, комбайн 616 дана. Аудан бойынша 2026 жылға ауыл шаруашылығы техникаларын есептен шығару жоспары: трактор 71 дана, комбаин 12 дана, жұмыстар жалғасуда.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы
Аудан бойынша 2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы жобасы аясында аудандағы Көктерек ауылдық округі 1 кооператив 3 адамнан құрып, құс шаруашылығына жоба құны 31 млн теңгені сұрап отыр. Аталған шаруашылықта қазіргі уақытта етті бағыттағы тауықтар саны – 250 және 500 бас күрке тауықтар бар.
Сарқан ауданы бойынша 2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 11 өтінім 91,8 млн теңгеге мақұлданып, берілді. Аудан бойынша 2026 жылға «Ауыл Аманаты» бағдарламасымен несиесін алу жұмыстарына ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, жұмыстары ағымдағы жылдың 12 қаңтарынан басталады. Өтінімдерді amanatnesie.kz. порталы арқылы қабылдайды. Өтінімдер ауыл шаруашылығы жобалары және қайта өңдеу бағыты бойынша қабылданады.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы баытында аудан бойыншга 1 қала 12 ауылдық округтің скрининг (скрининг көрсеткіштерің тек қана жұртшылықпен ғана алынып отыр) жұмыстары жүргізіліп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылды. Жұмыстар жалғасуда.
Жер саласы 2026 жылы:
Жер учаскесін қалыптастыру бойынша 29 жерге орналастыру жобасы бекітілді.
- аудан әкімінің 15 қаулысының жобасы дайындалды.
- жер даулары бойынша 3 сот мәжілісіне қатысты.
- бөлімге түскен 3 өтінішке жауап берілді.
- жалға алу бойынша 7 типтік шарт жасалды.
Жер қайтару:
2026 жылғы жер қорына қайтару жоспары 7000 га.
2025 жыл: жер учаскелерін ауданның жер қорына қайтару жоспары 15 000 гектар, бүгінгі күнге қайтқан жер көлемі 15 339,2 га оның ішінде: 402,9 га егістік, 14 367 га жайылым, 569,3 га шабындық жер қайтарылды.
Жер конкурсы:
Жер конкурсы: 2025 жылға Жер конкурсын ұйымдастыру жоспары 88 700 гектар, орындалды 91 665,7 га.
Жер конкурсы: 2026 жылға Жер конкурсын ұйымдастыру жоспары 49000 гектар.
Аукцион: 2025 жылға коммерциялық мақсатта аукцион арқылы жерлерді табыстау бойынша жоспары 3 га, жыл басынан 5 аукцион ұйымдастырылып 1,7 га жер табысталды. Бүгінгі күнге 2 лот жалпы көлемі 0,55 га жер аукционға құжаттар дайындалып отыр.
Қайтқан жерді айналымға енгізу:
Сарқан ауданы бойынша 2022 - 2025 жылдары аралығында 65,6 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды оның 53,5 мың га жер қайта айналымға енгізілді, 12,1 мың га жерді 2026 жылдың І тоқсанында енгізу жоспарлануда.
Жалпы өнім көлемі
2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айы бойынша жалпы өнім көлемі – 67 524,5 млн теңгеге, ИФО 102,3 % орындалды. (обл 102,2%)
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айымен мал басының орындалу көрсеткіштері:
- мал басы: ІҚМ – 57 895 басқа;
- қой мен ешкі – 134 841 бас;
- шошқа – 1116 бас;
- жылқы – 26 870 бас;
- түйе - 511 бас;
- құс – 108 362 бас.
Мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіру бойынша:
- тірі салмақта мал мен құс еті – 14 531,3 тонна.
- сүт – 31 099,3 тонна.
- жұмыртқа – 14 798,5 мың данаға орындалып отыр.
Инвестиция
2025 жылғы қаңтар-қараша айымен орындалған инвестиция көлемі – 830 618 мың теңгеге орындалып отыр. ( оның ішінде: Мал шаруашылығымен - 8 050 000 теңгеге, ауыл шаруашылығы мехникасымен – 822 568 000 теңге орындалып отыр) Тамақ өнімдерін өңдеудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 2 232 мың теңгеге орындалды. Жыл қорытындысымен 2,1 млрд теңгеге орындалу күтілуде.