Туристік қызметті реттеу және лицензиялау бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Негізгі міндеттері:

    1. Туристік қызметті реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
    2. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.
    3. Туристік қызметті лицензиялау және оның орындалуын бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
    4. Туристік нарық субъектілерінің қызметін мониторингтеу және әдістемелік көмек көрсету.
    5. Туристік қызмет сапасын арттыру және саланы өзін-өзі реттеу тетіктерін дамыту.
    6. Туристік ұйымдардың, гидтердің, экскурсоводтардың және инструктор-жетекшілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу.

    Негізгі функциялары:

    1. Туристік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді іске асыру.
    2. Туристік қызметті лицензиялау мәселелері бойынша өтініштерді қарау және материалдарды дайындау.
    3. Туристік нарық субъектілерінің лицензиялық талаптар мен шарттарды сақтауын бақылау.
    4. Өңірдегі туристік нарықтың жағдайын мониторингтеу және талдау.
    5. Лицензияланған туристік ұйымдар бойынша есеп жүргізу және есептілікті ұсыну.
    6. Кәсіпкерлер мен халық арасында туризм саласындағы заңнама мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
    7. Туризм саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
    8. Туристердің құқықтарын қорғау және туризм қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау және уәкілетті органдармен, сондай-ақ салалық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау