Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі
«Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі» «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
Бөлімнің функциялары:
1) Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу мемлекеттік қызметті көрсету;
2) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізеді;
3) тәртіптік комиссияға жеке және мемлекеттік сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгізеді;
4) жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен бірлесе отырып жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық іс-әрекеттерінің заңдылығына және олардың іс қағаздарды жүргізу ережелерін сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
5) атқарушылық өндіріс бойынша құқықтық насихатты ұйымдастыру, заңнамалық түсіндіруге қатысу;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.
7) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсынысты Министрлікке енгізеді.