Нақты сектор және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Нақты сектор және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі Түркістан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады.

    Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыстық мәслихаттың шешімдері, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, Басқарманың бұйрықтары мен Ережесін және осы Ережені басшылыққа алып, жоғары органдардың тапсырмаларын басқарма бөлімдерімен тығыз байланыста орындайды.

    Бөлімнің штат саны басқарманың құрылымымен бірге облыс әкімінің қаулысымен бекітіледі.