Тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Үкімет қаулылары мен өкімдері, облыс әкімі шешімдері мен өкімдері, облыс әкімдігінің қаулылары, Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің тапсырмалары мен бұйрықтарының орындалуын қамтамасыз ету;
2) «Құрылыс» саласы бойынша «Құрылыс жұмыстары нақты көлемінің индексі» және «Пайдалануға тапсырылған тұрғын үй ғимаратының жалпы ауданы» индикаторларының орындалуын үйлестіру;
3) тұрғын үй құрылысы және инженерлік коммуникациялар мәселелері бойынша салааралық басқармалармен және жергілікті әкімдіктермен жұмыс жүргізу;
4) аудан, қала әкімдіктерінің ұсыныстарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында тұрғын үй және инженерлік инфраструктура жүйелері инвестициялық жобаларына салалық қорытынды, инвестициялық ұсыныс және түсіндірме әзірлеу;
5) өңірдің кешенді әлеуметтік–экономикалық дамуының ағымдағы және перспективалық міндеттерін шешуге бағытталған, құрылыстың кешенді дамуының бірыңғай стратегиясын қалыптастыру, жүргізу және құрылыс саласы мен қызметін жетілдіру;
6) әлеуметтік сала нысандарының құрылысын дамыту, әлеуметтік, экономикалық инженерлік-техникалық және эстетикалық мәселелерін кешенді шешу бағдарламасы мен концепциясын әзірлеп, оның орындалу барысын реттеу және оларды жобалау-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;
7) құрылыс саласы бойынша облыстың 5 жылға арналған даму жоспарындағы, облыс әкімі мен ҚР Премьер-Министрі арасында түзілген түйінді индикаторларға талдау жасау және ай сайынғы орындалуына мониторинг жүргізу, нәтижесімен белгіленген көрсеткіштерді жақсарту, қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ұсыныс енгізу, жетекшілік ететін салалары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, аудан және қала әкімдіктерінің жұмыстарын үйлестіру;
8) стратегиялық маңызы бар бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктей отырып бюджеттік саясатты қалыптастыру;
9) заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың даму жоспарының құрылыс саласына қатысты бөлігіне ұсыныстар әзірлеу және келісу;
10) облыстың даму жоспарының құрылыс саласына қатысты бөлігінің орындалуына мониторинг жүргізу;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен облыстың даму жоспарының қала және аудандар кесіндісінде декомпозицияланған нысаналы индикаторлардың құрылыс саласына қатысты бөлігінің орындалуына мониторинг жүргізу;
12) заңнамада белгіленген тәртіппен ҚР дамуының Стратегиялық жоспары, Ұлттық жобалар, Орталық мемлекеттік органдардың салалық даму тұжырымдамалары мен өзге де жоғары тұрған стратегиялық құжаттардың орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіру;
13) Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасының құрылыс саласына қатысты бөлігінің орындалуын бақылау;
14) Мемлекет басшысының жолдауларының орындалуына мониторинг жүргізу;
15) Келіп түскен бюджеттік ұсыныстарды саралай отырып, жыл сайын елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;
16) облыстың аудандары мен қалаларындағы тұрғын үй және инженерлік коммуникациялар нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстарының кестеге сай және сапалы жүргізілуін техникалық және авторлық қадағалау мекемелерімен бірлесіп, үйлестіріп, орындалуын бақылау;
17) барлық қаржыландыру көздерінен инженерлік коммуникацияларды салу, олардың жобалау сметалық құжаттамаларын, ағымдағы және перспективалық жоспарын құруға қатысу және түзу;
18) құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы туралы шұғыл ақпараттар мен мәліметтерді жинақтау және ұсыну, олардың сапалы орындалуын үйлестіру;
19) бөлімге бекітіліп берілген есептерді жинақтап, толықтырып, белгіленген мерзімде жолдау;
20) бөлімнің құзіреті шегінде бюджеттің орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және оған бақылау жасау;
21) бөлімнің құзіреті шегінде нысандарды (кешендерді) пайдалануға қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
22) мердігер ұйымдар, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тарапынан келісімшарт міндеттемелерін бұзу жағдайлары анықталған жағдайда бөлімнің құзіреті шегінде қолданыстағы заңнамада, сондай-ақ түзілген келісімшартта қаралған шараларды қолдану мақсатында ұсыныс енгізу, оның орындалуына бақылау жасау;
23) мердігер ұйымдар мен техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тарапынан қабылданған келісімшарт міндеттемелерінің орындалуына бөлімнің құзіреті шегінде бақылауды жүзеге асыру;
24) бөлімнің құзіреті шегінде өндірістік жұмыстардың кестесін келісу;
25) облыс әкімінің тұрғындармен кездесуіне материалдар жасақтау, кездесулер нәтижесімен берілген тапсырмалардың орындалуын мониторинг жүргізу;
26) облыс әкімі және оның орынбасарларының, басқарма басшылығының тапсырмаларын орындау, заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылдау.