Денсаулық сақтауды дамыту және адами ресурстар бөлімі

    Жалпы ақпарат

    Негізгі міндеттері

    1.Мемлекеттік жоспарлау жүйесі (МЖЖ) құжаттарының және ДСМ бағдарламалық құжаттарының мониторингі (ҚР 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары, Батыс Қазақстан облысының 2021 -2025 жылдарға арналған даму жоспары, ҚР ДСМ даму жоспары, Денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы, ҚР орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қолдау мәселелері жөніндегі 2024-2029 жылдарға арналған жол картасы (ЦУР);

    2.Мемлекеттік жоспарлау жүйесін (МЖЖ) және ҚР ДСМ бағдарламалық құжаттарын орындау қорытындылары бойынша деректерді жоғары тұрған органдарға ұсыну;

    3.Батыс Қазақстан облысының 2021 -2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру мониторингі;

    4. Жоғарыда аталған бағдарламалардың орындалуын жоспарлау, талдау және мониторингілеу мәселелері, жоғары тұрған және басқа да мемлекеттік басқару органдарына (ҚР ДСМ, ДСӘДМ, ЖАО ведомстволық бағынысты ұйымдары) есептілікті ұсыну.

    5. Қолданыстағы жобаларды «Аманат» жол картасына «kz 2020 Easyproject» цифрлық платформасына енгізу;

    6. Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қызметтер мониторингі;

    7. Облыс стационарларының төсек-орын қорының жұмысына мониторинг жүргізу;

    8. «Битрикс 24» (денсаулық сақтау саласы) жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіндегі деректерді өзектендіру;

    9. Менеджмент пен корпоративтік басқаруды дамыту;

    10. ШЖҚ МКК ұйымдарында жыл сайын Байқау кеңестерінің мүшелерін қайта сайлау бойынша конкурс өткізу;

    11. Өткен жылы ШЖҚ МКК Байқау кеңестерінің мүшелеріне жыл сайынғы бағалау жүргізу;

    12. ШЖҚ МКК ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы Байқау кеңестерінің жұмысына мониторинг жүргізу;

    13. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бақылау іс-шаралары;

    14. Жобалық кеңсе жүйесінде «EasyProject» матрицалық құрылым форматындағы бірыңғай ақпараттық алаң (кроссплатформалық) жұмысын жүргізу, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша деректерді енгізу және ҚР даму стратегиясын іске асыруға бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың басқа да құжаттары;

    15. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын (ОӘЭДБ) жасау және ЖАО-ға ақпарат ұсына отырып, ай сайынғы мониторинг.

    16. Облыстың медициналық ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуді, БҚО денсаулық сақтау басқармасының кадрлық мәселелерін бақылау;

    17. «Мемлекеттік тіл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуын бақылау

    18. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қамтамасыз ету бойынша мониторинг;

    19. Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарында кадрлардың қозғалысына, олардың тұрақтамау себептеріне талдау жүргізу;

    20. Мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

    21. Мемлекеттік орган кадрларының мониторингі және кадр ісін жүргізу, оның ішінде персоналды басқарудың «е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;

    22.Мемлекеттік органда кәсіби бейімделуді және тәлімгерлікті ұйымдастыру;

    23.Мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамадан өткізу, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету;

    24.Кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;

    25. Мемлекеттік органда еңбек заңнамасының және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;

    26.Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.

    27.денсаулық сақтау ұйымдарын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын өзектендіру. Оның ішінде мемлекеттік нормативке сәйкес желіге сәйкес келтіру;