Түркістан облысы туризм басқармасы
Туризмді дамыту және туристік жобаларды іске асыру бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Түркістан облысы туризм басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз жұмысын атқару барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қарау тәртіі туралы» Заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс мәслихатының шешімдерін, облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерін, хаттамалық тапсырмалары мен Басқарманың ережесін, жұмыс Регламентін және осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымы, штат кестесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының ұсынысымен бекітіледі.
Бөлім төрт мемлекеттік әкімшілік қызметшіден тұрады.
Бөлім өз құзыретінде келесі функцияларды атқарады:
1) басқарманың іс-құжаттар айналымын қамтамасыз етеді;
2) басқарманың есеп-қисап жұмысын үйлестіреді;
3) нормативтік құқықтық актілерге заңнамалық сараптама жүргізеді;