Туризмді дамыту бөлімі
- Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
2.1. Мақсаттары:
Аймақтың туризм саласын стратегиялық тұрғыда дамыту, нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және туристік өнімді насихаттау арқылы экономикалық өсуді, инвестицияларды тартуды және жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету. Бөлім туризмді дамытудың ұлттық саясатын жергілікті деңгейде іске асыруды жүзеге асырады.
2.2. Құқықтары:
1) Туристік субъектілерден саланы талдау үшін қажетті ақпаратты, есептерді және деректерді сұрау.
2) Туризм саласын реттеу және ынталандыру бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну.
3) Туристік инфрақұрылымды дамытуға арналған бюджет қаражаттарын бөлу бойынша ұсыныстар жасау.
4) Аймақтың туристік брендін насихаттау мақсатында жәрмеңкелер, конференциялар, фестивальдар өткізу.
5) Сала кадрларының біліктілігін арттыру шараларын ұйымдастыру.
6) Қызмет нәтижелерін хабарлау мақсатында өз ақпараттық ресурстарын (веб-сайт, әлеуметтік желілер) жүргізу және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу.
2.3. Міндеттері:
1) Абай облысы аумағында туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
2) Туризм саласындағы жобаларды дамыту мен сүйемелдеуді үйлестіруді және облыс аумағында лицензияланатын қызмет түрінің жағдайына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету.
3) Турагенттік операторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беруді қамтамасыз ету.
4) «Е-лицензиялау» порталы арқылы турагенттік қызметке лицензия алу үшін жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдауды қамтамасыз ету.
5) «Е-лицензиялау» порталы арқылы турагенттік қызметке лицензияларды рәсімдеуді қамтамасыз ету. Заңнамада белгіленген тәртіпте лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауын бақылау мониторингін жүргізуді үйлестіру.
6) Туризм саласындағы (соның ішінде инвестициялық) жобаларды дамыту мен сүйемелдеуді үйлестіруді қамтамасыз ету.
7) Облыс аумағындағы туристік маршруттар мен жолдардың, гидтер тізімін жүргізу. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес гидтердің кәсіби даярлығын ұйымдастыруды үйлестіру
8) Облыс бойынша туристік индустрия нысандарын жоспарлау жұмыстарын, туристік ақпараттық орталықтың қызметін үйлестіру.
9) Алакөл жағалауында туристік индустрия нысандарын жоспарлау жұмыстарын үйлестіру.
10) Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3.1. Бөлім өз міндеттерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президентінің жарлықтары мен жобаларына, Үкіметінің қаулыларына және қолданыстағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
3.2. Бөлімді Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және сол тәртіппен лауазымынан босатылатын бөлім басшысы басқарады.
3.3. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін басқарма басшысы тағайындайтын бөлім қызметкері атқарады.
3.4. Бөлім басшысы өз құзыреті шегінде бөлім қызметіне жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің мерзімі мен сапасы бойынша орындалуына және өз өкілеттіктерін тиімді пайдалануына дербес жауапты болады.
3.5. Бөлім басшысы бөлімнің оңтайлы қызметін қамтамасыз ету мақсатында басқарманың басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны бойынша негізделген ұсыныстарды ұсынады.
3.6. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарманың ішкі құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін барлық құжаттарға бөлім басшысы немесе оны уақытша ауыстырушы тұлға міндетті түрде бұрыштама қояды.
3.7. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы бұрыштама қояды; басқа мемлекеттік органдарға не олардың құрылымдық бөлімшелеріне бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бұрыштама қояды және оған жетекшілік ететін орынбасар не басқарма басшысы қол қояды.
- Бөлімнің қызметін ұйымдастыру